Маңғыстау облысында Каспий теңізіне демалуға барған 18 жастағы жігіт суға батып кетті. Алайда оның денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, қайғылы жағдай жексенбі, 25 тамызда Ақтаудағы "Солдатский" жағажайының маңында болған. Құтқарушылардың айтуынша, Маңғыстау облысының 2006 жылғы тұрғыны катамараннан сүңгу кезінде қаза тапқан.
«25 тамыз 17:40 шамасында 112 пультіне Ақтау қаласы Ақжелкен елдімекені, "Солдатский" жағалауынан 300 метр қашықтықта 2006 жылғы жігіттің суға батқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта шақыртылған жерде 5 қайық, 15 жеке құрам, 2 техника және бір дрон іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.