Спорт

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға да қатысатынын мәлімдеді

olympic.kz

"Дзюдо – менің жұмысым" дейді спортшы

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев «Берен» ютуб-арнасына берген сұхбатында алдағы 4 жылда құрамадан кетпейтіні туралы айтты.

«Париж Олимпиадасынан кейін бапкеріммен ақылдаса келе 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадық. Лос-Анджелеске дейін күресе беруді көздеп отырмыз. Парижде алған қола медаль маған ерекше шабыт сыйлады. Жарақат, алаңдататындай мәселе жоқ. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Дзюдо – менің жұмысым. Бар мүмкіндікті пайдаланып, келесі Олимпиадаға қатысқым келеді. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз», - деді дзюдошы.