Теміртаудағы жұмысшылардың өлімі: қылмыстық іс қозғалды

25 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
Ашық дереккөз
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған

Қарағанды облысының полиция департаменті екі жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, Қарағанды облысының полиция департаменті "Қазмеханомонтаж" ЖШС-нің екі қызметкеріне қатысты іске түсініктеме берді.

ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

жұмысшы қылмыстық іс Теміртау