Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 25 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Найзағаймен бірге жауын жауады.
Елдің шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық.
Республика бойынша жел күшейеді.
Солтүстікте, шығыста, орталықта — бұршақ, дауыл, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында — түнде және таңертең тұман түседі.
Елдің барлық дерлік облысында төтенше өрт қаупі бар.