Спорт

Демеу Жадыраевтан жеңілген қырғыз балуанына 1 жылға жететін жанармай сыйға берілді

sokol.media.kg

Ақжол Махмұдов жартылай финал үшін белдесуде өзінің досы, отандасымыз Демеу Жадыраевқа есе жіберген болатын

Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 77 келіде екінші рет жүлде алған қырғыз елінің атақты балуаны Ақжол Махмұдовқа ерекше сыйлық жасалды.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, оған елге оралған соң компаниялардың бірі 1 жылға жетерлік жанармай сертификатын табыстаған.

Айта кетейік, Ақжол Махмұдов жартылай финал үшін белдесуде өзінің досы, отандасымыз Демеу Жадыраевқа есе жіберген болатын.