Спорт

Допинг дауымен танылған бапкер Алексей Ни жазаланды

vesti.kz

Ол қазір спорттан уақытша шеттетілген

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған еді.

Inbusiness.kz сайтының хабарлауынша, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген.

"63 жастағы маман уақытқа спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалифицировать туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын", – деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.

Федерация сонымен қатар Алексей Нидің жетекшілігімен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген ағасы Виктордың да жазаға тартылатынын айтты. Виктор Ни 4 жылға уақытша дисквалификацияланған.