Жаңалықтар

Жұмысқа кеткен 48 жастағы оралдық екі аптадан бері табылмай жатыр

Фото: instagram.com/typicaluralsk

Ол 17 күннен бері үйіне оралмаған.

Орал қаласында 48 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр. Ол 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады  turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

ПД мәліметінше, 1975 жылғы Орынбасар Адиотоллаұлы Сипатталовтың әйелі полицияға 16 тамыз күні арызбен жүгінген.

Әйелдің айтуынша, күйеуі 6 тамызда сағат 09.30-да жұмысқа кетіп, осы уақытқа дейін келмеген.

«БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамы осы азаматты іздестіруге бағытталған. Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер аталған адам туралы мәлімет білгендер полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы сұралады», - делінген хабарламада.