Павлодарлық екі бала 20 метрлік тік жардан құлап кеткен
Балаларға құтқарушылар көмекке келді.
Теміржол көпірінің маңында екі бала тереңдігі 18-20 метр тік жардан төменге түсіп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
23 тамызда сағат 13.40-та теміржол көпірінің маңында екі бала тереңдігі 18-20 метр тік жардан төменге түсіп кетіп, өздігінен көтеріле алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар дереу жедел-құтқару автокөлігімен және өзен бойындағы су көлігімен жолға шықты. Альпинистік жабдықтың көмегімен екі бала жоғарыға көтеріліп, Жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырылды. Құтқару операциясына Павлодар облысы ТЖД 6 қызметкері қатысты.
«Құтқарушылар тұрғындарға су қоймасының маңында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, балаларды қадағалауға шақырады», - делінген ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.