Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатына жолдама алды
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.
Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті қорытындылады, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық, 29 жастағы Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды. Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басымдылық танытты. Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0. Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.