Балабақша директоры өзінің айыппұлын төлеу үшін қызметкерлерден ақша жинаған
Ақмола облысының прокуратурасы балабақшаларда тексеріс жүргізіп, 300 астам бұзушылықты анықтады.
Балабақшалардың бірінің басшысы өзінің айыппұлын төлеу үшін қол астындағы қызметкерлерден ақша жинаған. Басқа бір балабақшада тексерушілер қызметкерді мас күйінде ұстаған.
«3 балабақшада 15 қызметкердің медициналық кітапшасы жалған болып шықты. 12 балабақшада ішек таяқшасы бактериясы анықталды. 19 балабақшада тамақтану нормасы санитарлық нормаларға сай келмеді»-делінген баспасөз хабарламасында.