Блогер Мұрат Әбділда бостандыққа шығатын болды
Бұл туралы адвокат Молдахан Әділетхан мәлім етті.
TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығатын болды. Бұл туралы адвокат Молдахан Әділетхан мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Достар, сүйінші! Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Сосын Мұрат Әбділда түрмеден шығады. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі», – деді ол.
Еске сала кетейік, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған-тын. Жазасын өтеп жүргенінде «Енді ешқашан ешкімді балағаттамаймын» деп сұхбат берді.