Жаңалықтар

«Тістеп, телефонмен ұрған»: Марат Әйтеновтің экс жұбайы Дана Әтешова кінәлі деп танылды

коллаж: turkystan.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы Дана Әтешоваға қатысты шешім шығарды.

Сот Дана Әтешованы «бұрынғы күйеуін тістеп алды, телефонмен ұрды» деп таныған. Іс "денсаулыққа жеңіл зақым келтіру" бабы бойынша қаралды. Марат Әйтенов үйінен мәжбүрлеп шығармақ болғанда Дана Әтешова қарсыласып, оны жарақаттаған.

Жәбірленуші мен куәгерлердің берген жауабы, сот-медициналық сараптама қорытындысы мен іс материалдары әйелдің кінәсін дәлелдеді. Прокурор Әтешоваға 30 АЕК (110 760 теңге) айыппұл салуды сұрады.

Сот Әтешованың үш баласы бар екенін ескеріп, оны жазаны жеңілдетуші фактор ретінде қарастырып, 20 АЕК (73,8 мың теңге) айыппұл салды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Марат Әйтеновтің өзі бұрынғы келіншегін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамалып шыққан болатын.