Бұл да бір майдан

Көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан туралы жазылған зерттеу еңбектер баршылық. Алайда, театр репертуарларынан Алаш қайраткері туралы спектакль жоқтың қасы. Жақында Ақтау қаласындағы Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» пьесасының премьерасы өтті. Қойылымның режиссері – Гүлсина Мерғалиева.

Тарихи және құжаттық деректер негізінде жазылған «Әлиханның аманаты» пьесасы біраз жабулы қазанның бетін аша түскендей. Ащы шындық бар. Шындық арқылы «елім, тілім, жерім» деп өткен қайраткерлердің атқарған қыруар шаруасы мен басын бәйгеге тіккен қатерлі сәттері бейнеленген. Ұлт мұратын асқақ ету жолында ештеңеден тайсалмаған Алаш зиялыларының ауызбірлігі бүгінгі ұрпаққа айтылған аманат іспеттес.

Мысалы, пьесада тергеушінің: «…Сіз….сіз өте ерекше жансыз, Әлихан Нұрмұхамедович. Сіз…. қандай керемет мүмкіндіктеріңіз болды, небір лауазымдар тұрды алдыңызда, ұлы Лениннің өзімен жақсы қатынаста болыпсыз, тіпті Еуропаға кедергісіз шығып кететін мүмкіндігіңіз болды, бір емес сан мәрте. Неге қалдыңыз? Сол қасқырша қасарысқаннан не шықты? Не жетпеді өзі сіздерге?..» деген сұрағына  Әлихан Бөкейханның: «…Иә, сәт! Жанған отты өшірмекке ниетті екен. Ал бұл бізге берілген мүмкіндік. Үн шығарар кез келді білем. Жігіттер қазақтың мен деген көзі ашық, саңылаулы-сәулелі азаматын түгел жинаңдар. Тарбағатайдан-Атырауға, Тәшкеннен-Астраханға дейін хабар жетсін! Бар бүлік жұмысшылар петициясынан басталған екен, онда біз де петиция берейік. Бірақ айырмамыз, біз ол петицияны 15 мың жұмысшы атынан емес 6 миллионға жуық күллі Алаш жұртының атынан береміз, және бұл біздің, яғни бар қазақтың Кенесарыдан кейінгі алғашқы саяси талабы болмақ. Қасиетіңнен айналайын Кенкем қолына қылыш алып отарлауға қарсы тұрса, біз қалам мен біліммен соғысамыз. Біле білгенге бұл  да бір майдан. Бұл да бір текетірес. Қамсыз қалмайық…» деп жауап беретін жері бар.

Атақты Қарқаралы петициясындағы түрлі мәселеге арқау болған 47 тармақ ел есінде шығар. Алаш қайраткері бұл жөнінде: «Біз мектеп қабырғасында Ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуын Иә Алла, жар бол өзің деп, бастайық!, «орысша сауат ашуды» содан кейін қолға алу талабын койдық. Мектептерде христиан дінін оқытуға үзілді-кесілді қарсылық білдірдік. Қазақ халқына бастық болғысы келгендердің қазақ тілін білуі тиіс екендігі атап көрсетілді, және іс қағаздарын толық қазақ тілінде жүргізу талап етілді.

… Біз сайлау құқығын сұрағанымыз, ол теңдік. Жер мәселесі, іргені аулақ салу. Дін мен тіл, ұлттықты сақтау деп ұқтық. Ал тілден айырылған елдің келешегі жоқ. Надан жұрт –  алдыңғы жұрттың киіп тастаған ескісін кимек. Уа, әлеумет, енді теперіш көрмейсің, енді сені ешкім кемсітпейді, мына тұрған орыспен тең хақың бар дейді патша. Ойыңды күмілжімей ашық айт. Дұрыс ойлайтындар бірігіңдер, мәжіліс қылыңдар, енді қудаланбайсың дейді. Араларыңнан кісі сайлап, жұрт қамын жоқтайтын елшілеріңді жіберіңдер бізге дейді. Яғни Думаға депутат өкіл жібере аламыз деген сөз. Біз сайлау құқығына ие болдық, ағайын. Сөз бостандығы берілді.

Бауырларым, біздің сыналар тұсымыз осы болса керек. Жұртымыз Алаш, ал Алаш қазақ болғалы атадан балаға жердің тұтастығы, елдің береке бірлігі аманат боп келді. Енді сол жүк, сіздер мен біздің мойнымызда. Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпаққа  аса көп жүк қалдырып кетеміз. Уа, бауырлар, кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар тұр! Ел үшін,  қажыр мен қайраттарыңды, білім мен білек күштеріңді сарқуға,  дайынсыңдар ма?», – деп барша қазақ халқының көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарын бір тудың астына жиналуға шақырғанының өзі Әлихан Бөкейханның қазақ үшін туған біртуар азамат әрі көсем екенін дәлелдейді.

 «Әлиханның аманаты» қалай жазылды? Оны жазуға не түрткі болды? Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның бейнесі толық ашылды ма? Көрермен қалай қабылдады? Біз бұл сауалдарға жауап алу үшін пьеса авторы, актер Нартай Сауданбекұлын әңгімеге тартқан едік.

Нартай Сауданбекұлы, «Әлихан аманаты»

пьесасының авторы:

Әлиханның арманы – бәрімізге аманат 

Бұл да бір майдан

– «Әлиханның аманаты» пьесасын оқып отырып, спектакль көргендей әсерде болдым. Жалпы, қойылымнан кейінгі көрерменнің берген бағасы қандай? Қойылым әу бастағы мақсатына жетті ме?

– Шынын айтқанда, «көрермен қалай қабылдар екен?» деп қатты қорқып отырдым. Көбінесе сөзге құрылған пьеса болғандықтан және өзім кәсіби актер ретінде кішкене жүрексінгенім рас. Бірақ халықтың ықыласында шек болмады. Өте терең қабылдады. Бұл жазған дүниемнің жақсылығынан деп айта алмаймын. Бұл – көрерменнің Әлихандай бабамызды сағынғандығы деп түйдім. Ұлы тұлғаның аты дұрыс аталмай, лайықты бағасын ала алмай жатқандығынан ба, халық өз жанынан үлес қосып, баба алдындағы парызынан құтылғысы келгендей ықылас көрсеткен сияқты. Бақылап отырсам, көп адамның көзі жасқа малынды. Тіпті, ер азаматтардың да қорсылдап жылағанын көрдім. Автор ретінде Гүлсина Мерғалиеваның кейбір ұтқыр шешімдеріне риза болдым. Кез келген режиссер көңілі қаламаған жерін қысқартуы мүмкін. Мысалы, бүкіл пьесаның өне бойындағы нәзік тұсы – Әлиханның анасымен қоштасатын жері, бір-біріне айтқан жанды ауыртатын сөздері қысқартылып қалыпты. Соған ішім қатты ашыды. Режиссерден себебін сұрағанымда: «Етігімен су кешіп, ерлердің ісі бітпей жатқан тұста әйел жүрмей-ақ қойсыншы деген шешімге келдім» деп түсіндірді. Айтар уәжім болмады.

Премьерадан кейін дастарқан басына жиналған бәріміз еңсеміз түсіп, Әлихан бабаны жерлеп келгендей әсерде отырдық. Ал қарапайым көрермен қандай ойда кетті екен? Жүрекке қатты тиген сезім иірімдері болды. Екінші құрамдағы қойылымды да көрермен осылай қабылдады. Үшінші күні Ақтаудың зиялы қауымы, Мәдениет басқармасы мамандары, әкімдік өкілдері көріпті. Тіпті, соңынан актерлерді жібермей қошемет көрсетіп, ықыластарын білдіріпті.

– Негізінен оқиға Бөкейханов пен тергеуші арасында өрбиді. Пьесаны жазбас бұрын екі ай зерттегенің туралы айтып едің. Қолға тиген деректердің көбі тергеу материалдарына байланысты құжаттар ма?

– Солай. Құжаттардың көбі құпия сақталған. Өкініштісі сол, көптеген құжаттарға қолым жеткен жоқ. Пьесадағы оқиғаның өзегі – тергеу барысы. Көркем дүние болған соң, қиялға ерік бердім. Қолыма түскен деректің бәрі Әлихан Бөкейхановтың еңбектері. Оның жазған дүниесі, барған жерлері, Думаға сайлануы, жер аударылып, еш себепсіз Павлодар, Семейдің түрмелеріне қамалуы, үзеңгілес достарына жазған хаттары. Міне, осы құнды дүниелерді оқып отырып, Әлиханның портретін тануға тырыстым. Тергеушіні де башқұрт ұлтының өкілі ретінде әдейі алдым. Қазір башқұрттардың тілі, діні қайда? Есіңізде ме, тергеушіге Әлиханның қоятын сұрағы бар. «Орысқа мұсылман жұртынан ең жақыны қайсысы? Татар ма, башқұрт па, қазақ па?» дегенде, тергеуші «татар шығар» деп жауап береді. Ал сол татардың ең басты түйткілі бір ұлттың екіге айрылғаны. Бұдан соң Әлихан Бөкейхан: «Жерлеріңіз бен елдеріңіз қәне? Тілдерің мен ділдерің, ең бастысы, діндерің қайда қалды? Татарлардың ең басты қасіреті неде, білесіз бе? Бір ұлт екіге бөлініп отыр, бірі мұсылман, екіншісі шоқынған провослав. Оған қалай жетті? Бірінші құқығынан, екіншіден жерінен, үшіншіден тілінен айырғанда қыңқ демеді. Ал тілден айырылған елдің келешегі жоқ. Бір ұлттың екіге бөлінуі қандай трагедия?», – дейді. Әлихан бізді содан сақтандырғысы келеді. Тәуелсіз ел ретінде ешкімге жұтылып кетпейтін мемлекет болуды меңзедім.

– Ал Әлихан Бөкейханов туралы тарихи деректерден бөлек, жазушылардың қаламына арқау болып көркем шығармалар жазылып па?

– Әлихан Бөкейханов туралы пьесаны атамағанда, жазылған көркем шығарма жоқтың қасы.Тек былтыр 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Ерсайын Төлеубай ағамыз «Әлихан» деген пьеса жазып, Қарағанды театрында қойды. Әртүрлі сынға ұшыраса да, Алаш қайраткері жайында бір дүние жазылды. Өз басым бұл тақырыпқа да біреу жол салды-ау деп қуандым. Меніңше, пьесалардың көп болғанынан ұтылмаймыз. Режиссерлер солардың жақсысын таңдап алып, сахнаға шығарар еді. Сондықтан да Әлихан Бөкейхан туралы әлі де жаза түсу керек.

– Мысалы, Қарқаралы петициясындағы 47 тармақ әлі де күйіп тұрған мәселе. Мұндағы қазақ тілі, дін, жер мәселесі, сот ісі бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Неге?

– Себебі дұрыс рухани, экономикалық саясат жүргізілмесе, нәтижесі осындай болады. Әлихан Бөкейхан Мэйдзи төңкерісін мысалға ала отырып,  Жапонияның 21 жыл ішінде жәй аграрлық елден үлкен озық технологияны меңгерген алпауыт мемлекетке айналғанын айтып, сол жолды қазақ елінде іске асырғысы келді. «Шіркін-ай, енді бір 25 жыл мүмкіндік берілсе, біз қазақты әлем таңқалатын ұлтқа айналдырар едік» деп сенді. Өкініштісі, оның бұл арманын Кеңес үкіметі 100 жылға кейінге шегеріп тастады. Әлиханның, бүкіл Алаш зиялыларының 100 жыл бұрын көтерген мәселелері әлі күнге неге өзекті? Тіл мәселесі толық шешілді ме? Кеңес үкіметі 20 жылдың ішінде білімі жоқ халықтың 80 пайызын орта білімді азаматтар қатарына қоса алды. Ал біз 25 жылда тіл мәселесін шеше алмай келеміз. Сосын кешегі Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейхановтардың ықпалымен ресми картасы сызылып, ұрпаққа мирас болып келген жердің саудаға түсіп кетуі, діннің ала-құла болуы, бәрі де жүйелі саясаттың болмағандығынан деп білемін.

– Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың: «Бірақ ертең тарих бәрін орын орнына қояды. Сонда мына маған  және Алаштың арыстарына жоқтау айтылып құран бағышталады, мүбәрәк есімдерімен ел мақтанады, ал сендердің жоқтауларың асып, аттарың өшеді…» дегені айдай келді ме, қалай ойлайсыз?

– Әлиханның арманы – бәрімізге аманат. Бұл әрбір Алаш арысын құрметтеген азаматтың арманы. Тәуелсіздікке қол жеткізген күнімізді Әлиханның аузына салдым. Кез келген қазақ азаматы өз мойнында Алаш арыстарының аманаты бар екенін ұмытпау керек. Ол – халық үшін, ел үшін қызмет ету. «Хан баласында қазақтың өтелмеген қақысы бар. Сондықтан жанымды алса да, қазаққа қызмет етемін» деп Әлихан ақырғы демі үзілгенше қызмет етіп кетті. Ендігі кезек бізде. Пьесаның көздеген мақсаты – қазақ баласы ойланса екен деген ой. Қаншама жерленбей қалған, үрім-бұтағы жойылып кеткен Алаш арыстарына 17 млн қазақтың ең болмаса жартысы дұғасына қосып, Құран бағыштап жүрсе деген тілек.

– «Рас, ел болу жолында таластық, тартыстық. Рас, айтысып, атыстық. Алтыбақан алауыз болдық. Бір бірімізді қаралап жаздық. Бірақ кімге жаздық? Ақыры не болды?…». Қазақтың осы кесапаты талай істі соңына жеткізбегені рас. Кешегі Әлихан заманынан бері не өзгерді?

– Біздің санамызға құлдық психологияның сіңгені соншалық, сүйегімізге өтіп кеткен. «Қазақтың жауы – қазақ» дегенді айта-айта сендіріп жіберген. Ал ақиқатында қазақтың жанашыры – тек қана қазақ. Қазақтың жағдайы ауыр болса, қазақ қана қиналады. Бізге кенедей жабысқан дертті ойдан арылуымыз керек. Көрдіңіз бе, жоспарлы түрде қазақты құртып, жойып жіберу үшін не істелмеді?! Қазақтықтан жирендіру мақсатты түрде жүрді. Сонау алмағайып заманда қазаққа қатты шүйлігіп, барынша қыруға тырысқаны да содан. Себебі қазақ – ұлы көшпенділердің сарқыты. Қазақтар есін жиса, күшейсе, қиын болады деді. Ең бастысы, кез келген Алаш қайраткерлері ұлт потенциалының жоғары екендігін көрсетті.

Демек, Алаш зиялылары бір-бірін сатты, көре алмады деген пікірді санадан өшіру керек. Еш жерде айтпау керек. Бұл ұлттың бірлігіне, ұйытқысына зардабын тигізеді. Одан жақсылық таппаймыз. Сондықтан оқиық, ізденейік.

– Пьесаны Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы театрдан басқа театр ұжымына ұсынып көрдіңіз бе, әлде…

– Пьеса жазылмай тұрып, Әуезов театрына, Мүсірепов театрына, ұсынылды. Сондай-ақ, Алматы облысы,Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы театрына да айттым. Жыл енді басталды ғой. Әзірге хабар жоқ.

– Былтыр Алаш қайраткерінің 150 жылдығы ел көлемінде ғана емес, ЮНЕСКО бойынша аталып өтілуі тиіс еді. Өкінішке қарай, өз деңгейінде аталып өтпеді деушілер аз емес…

–  Кейбіреулер «Жетім қыздың тойындай» өтті деп жатыр. Бұл пікір шындыққа жанасатын сияқты. Сүреңсіз өткені рас. Бәлкім, Алаш қайраткерінің мерейтойы әлемдік дағдарыс кезінде, қолайсыз уақытта келді ме екен, кім білсін?!

– «Біткен іске сыншы көп» екені рас. Әлихан образын бір пьесада толық ашу да оңай емес. «Әттеген-ай, мынаны қосқанда ғой» деген өкініш жоқ па?

– Әлбетте, өкініш жетіп-артылады. Әлихандай тұлғаның образын бір пьесаға сыйғызу қиын. Пьеса бір не бір жарым сағаттық дүние. Оны режиссер тағы да қысқартады. Меніңше, шебер жазушы романында ғана тұлғаның портреті ашылуы мүмкін. Өзім жаңадан пьеса жазуға кіріскен  драматург ретінде кем-кетік тұстарын байқадым. Актер болған соң көп жерін әрекетке құруға тырыстым. Мысалы, Әміренің Әлиханнан бата алып, берген хатын Мұстафаға жеткізуі, екеуінің кездесіп, әңгімелесуі қалып қойды. Одан бөлек халық комиссарларының Голощекинге соқпай, әуелі Әлиханға  амандасуы, осы тұрғыда Голощекиннің шағым түсіріп, «мұның көзін құртайық» деген арам пиғыл ойлары тыс қалды. Мұның бәрін кіргізсем үлкен дүние болып кететін түрі бар. Оның үстіне көрерменді залда екі сағат ұстап отыру қиын.

– Қазіргі кітап оқымайтын заманда спектакль, кино арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болатыны сөзсіз. «Бір фильмге жетерлік мәлімет жинадым» деген екенсіз. Неге фильм түсірмеске?

– Артық мәлімет жинағаным рас. Тағы бір пьеса жазуға болады. Кино түсіретін режиссер табылса, барынша көмектесе аламын. Әлихантанушы емеспін, бірақ өнер адамы ретінде қолұшын соза аламын. Қаншама жылдар бойы Алаш қайраткерлерінің көбінің атын атауға тыйым салынды. Қазіргі ұрпаққа артылған аманат – рухты, өр бабаларымызды келер ұрпаққа таныту. Ал олардан рухтанған біздің ұрпақ Әлихан аңсаған өмір мен жетістікке жету керек. Әрбір қазақ өзінің өткенін іздесе, ата-бабамыздың мынандай жазиралы даланы қандай азаппен сақтағанын түйсінсе, текті ұрпақтан тарағанын білсе, қазақтың көсегесі көгереді деп ойлаймын.

Қазір Әлиханның кім екенін, ұлтқа қандай еңбек сіңіргенін көзі ашық, көкірегі ояу адамдар болмаса, білмейтіндер көп. Тіпті, ол туралы зерттеген менің де білетінім шамалы. Қарқаралы петициясын кім жазды, не туралы жазылды, қанша адам қол қойғанын білетіндер санаулы. Спектакльге келген көрермен тым болмаса, осыны білсе екен деген ой болды. Мысалы, Әуезовке «Абай туралы жаз» деп ақыл-кеңес айтқан да Әлихан болатын. Ал, жалпы Абайды қазаққа алғаш танытқан – Әлихан. 1905 жылы қаралы мақала жазып, толық шығармасын талдап, паш еткен. Содан бері Абай туралы зерттеу мақалалары жазыла бастады. Міне, жұрт Әлиханның атқарған қыруар шаруаларының аз ғана бөлігін білетін шығар…

Міне, осыдан кейін театрлардың қызмет ету функциясы өзгеріп бара жатыр деп айтуға болады. Қазір бұл қасиетті шаңырақ тек өнер ордасы ғана емес, білім ордасының да міндетін атқаратын сияқты. Мысалы, Қ.Қуанышбаев театры «Сәкен сұңқар» деген спектакль қойды. Сол қойылымнан кейін С.Сейфуллинді енді танып-біліп жатқан мектеп оқушыларын көрдім. Балалардың «Сейфуллин көшесі осы кісінің атына қойылыпты, ол осындай күшті кісі болған екен ғой» – деп әңгімелесіп бара жатқанын естіп, өзім де айран-асыр болдым. Яғни, жыл бойы кітап бермеген нәрсені бір жарым сағатта театр берді. Осыдан кейін тарихи тұлғаларымыз туралы жазылған дүниелердің көбейгеніне тек қуануымыз керек. Әрине, оның сапасы, мазмұны, шындығы, ол басқа әңгіме. Ең бастысы, ел осындай дүниелер арқылы танымал тұлғалар туралы тереңірек біле бастады.

– Пьесаның соңғы шешімі ұнады. Тергеушінің жұмысынан бас тартып, мұғалім болып, бала тәрбиелеймін дегені, кетерінде Әлиханның батасын алуы көрерменді ізгілікке тәрбиелейді. Бұл көркемдік үшін ойдан қосылған ба?

– Бұл таза өз ойым. Абақтыда жатқан Әлихан башқұрттың бір баласының санасына сәуле құйып, адам етіп жібергені өте әсерлі шықты. Яғни, Әлиханға жолаған адамның көкірегі нұрланып, ақылға келуі, түрмеде отырып бауырлас ұлт өкілінің көзін ашуының арқасында қазақтың ұлылығын көрсеткім келді.

– Әңгімеңе рахмет! Шығармашылық табыс тілеймін!

 

Әңгімелескен Динара

Мыңжасарқызы

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
imgonline com ua resize zut2tfnle74gt 1

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап...
aytys

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай»...

Жаңалықтар

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...