Қазақстан Паралимпиадашылары туралы 5 дерек
Жалпы саны қазақстандық 44 спортшы спорттың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) бақ сынайды.
1. Париждегі додаға бұған дейінгі Паралимпиада бәсекелерінің қос чемпионы мен екі жүлдегері қатысады. Олар: Зүлфия Ғабидуллина – Рио Паралимпиадасының чемпионы, Давид Дегтярев – Токио Паралимпиадасының чемпионы, Нұрдәулет Жұмағали – Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері және Раушан Қойшыбаева – Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері. 2. Құрамадағы ең жас спортшы – Альфия Тілекқабыл (пара дзюдо, 18 жаста). Ең егде спортшы – Зүлфия Ғабидуллина (пара жүзу, 59 жаста). 3. Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте 75 елдің ішінде 6-орында тұр. 4. Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды. 5. Ең тәжірибелі спортшы – Зүлфия Ғабидуллина. Биыл ол төртінші Паралимпиадасында бақ сынайды.