Жаңалықтар

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы оқиға: Комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп таныды

istockphoto.com

20 шілдеде Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында жарылыс болып, 4 адам қаза тапқан болатын. Жалпы 8 адам зардап шеккен.

Арнайы комиссия тексеріс жүргізіп, жұмыс берушіні кінәлі деп таныды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Техникалық құжаттарды, оқиға орнын тексеру, куәгерлерден жауап алу, сараптама ұйымының қорытындысы негізінде осындай тұжырымға келген.

«Кәсіпорында шұғыл жағдайлардың алдын алатын тиісті шаралар қабылданбаған, еңбек қауіпсіздігі жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген, жұмыскерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды, технологиялық тәртіпті сақтауы қадағаланбаған. Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесіп, қолданыстағы заңға сәйкес заңды құқықтарын түсіндірді»-деп хабарлайды Еңбек министрлігі

Кінәлілерді жауапқа тарту үшін тексеріс нәтижелері құқық қорғау органдарына беріледі.