Жаңалықтар

«Құны 10 млн доллар»: Қазақстанда сақ дәуірінің әшекейлері тәркіленді

istockphoto.com

Қазақстанда қайдан келгені түсініксіз байлыққа қатысты сот актісі орындалды.

Тәркіленген активтердің жалпы құны 10 млн АҚШ долларын құраған.

«Активтерді алу көздерінің заңдылығына мониторинг жүргізу аясында субъектіден шығу тегі түсініксіз активтер анықталды. Биыл Активтерді қайтару комитеті 10 млн АҚШ долларынан асатын активтерді мемлекет кірісіне қайтару туралы талап-арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер активтердің заңдылығын дәлелдей алмады»-делінген Активтерді қайтару комитетінің хабарламасында.

Бірінші инстанция соты Комитеттің талап-арызын толықтай қанағаттандырды. Сот алқасы жауапкерлердің апелляциялық шағымдарын қанағаттандырған жоқ.

Сот шешімін орындау барысында қолма-қол ақша, қымбат әшекейлер, сақ дәуірінің тарихи-мәдени жәдігерлері мемлекет кірісіне қайтарылған.