Елена Рыбакина бапкерімен қоштасқанын мәлімдеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жаттықтырушысы Стефан Вуковпен жұмысын тоқтатқанын хабарлады.
Хорватиялық бапкер Елена Рыбакинамен 2019 жылдан бері жұмыс істеп келген. Оған дейін Еленамен мәскеулік жаттықтырушы Андрей Чесноков жұмыс істеген еді.
«Баршаңызға сәлем! 5 жылғы жұмыстан кейін Стефанмен серіктестікті тоқтаттық. Корттағы жұмысы үшін оған алғыс айтамын, бар жақсылықты тілеймін! Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рахмет!»-деп жазды Рыбакина.
Стефанмен жұмысты бастағаннан кейін Елена WTA Tour екі титулын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 2022 жылы Уимблдонда жеңіске жеткен.