Спорт

Әлем чемпионаты: Велоспорттан Данияр Шаяхметов күміс медаль еншіледі

фото: olympic.kz

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.

Бұл туралы оlympic.kz хабарлады.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан  +0.026 секундқа ғана қалып қойған. Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр. Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.