Қоғам

«Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес»: Қайрат Нұртастың анасы келінін мақтады

сурет ашық дереккөзден алынды

Белгілі продюсер Instagram желісінде келінімен түскен суретті жариялады

Атақты продюсер, Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ортаншы келінімен түскен суретті жүктеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Продюсер автокөлікте жол жүріп бара жатып ортаншы ұлы Аян Нұртастың келіншегі Айгерім Саркеновамен суретке түскен. 

"Қалай жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алмаймын. Сіздерге де адал келін бұйырсын. Тек көз тимесін!", - деді сурет сипаттамасында.

Бұған дейін де әнші әлеуметтік желідегі парақшасында келіні жайлы жақсы естеліктермен бөлісіп отырған еді.