Қоғам

Кентауда үшем дүниеге келді

Сурет Жанна Әлімбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Ермахановтар отбасы бірден көпбалалы отбасыға айналды

Кентау қаласы Хантағы ауылының тұрғыны Бақытгүл Саттархан үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін бір бала туылған Ермахановтар отбасында енді төрт бала тәрбиеленбекші.

Айта кетейік, үшемдердің екеуі ұл, біреуі - қыз. Оларға Бағым, Аңсар, Аслан есімдері қойылды. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы —1.480 грамм болса, екіншісінікі — 1.380, үшіншісінікі — 1.280..

Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала 2 айға жуық тексеру, күтіп-баптау жұмыстары дәрігерлер тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынған. Қазіргі уақытта балалардыңда, анасыныңда жағдайы жақсы.

28 жастағы Бақытгүл Саттархан және жұбайы 31 жастағы Ерлан Ермаханов тұңғыштарын 6 жыл күткен. Араға бір жыл салып үшемдер туылған.Олардың бұдан бөлек 2 жасар Асылым атты қыздары бар.

Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова үшемдердің шаңырағына барып, қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, сәбилерге арналған сыйлықты табыс етті.

Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласында 765 сәби дүниеге келген. Оның 18-і егіздер болса, үшемді дүниеге әкелген бір ана.