Жаңалықтар

Қазақстан мен Шри-Ланка арасында визасыз режим енгізілмек

istockphoto.com

Визасыз режим 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Шри-Ланка демократиялық-социалистік республикасының министрлер кабинеті 2024 жылдың 1 қазанынан бастап 35 мемлекеттің азаматтарына елге визасыз кіруге рұқсат беру туралы шешім қабылады. Бұл туралы Dailymirror хабарлады.

Визасыз кіруге рұқсат берілген елдер қатарында: Қазақстан, Ресей, Германия, Нидерланды, Австралия, Үндістан, Қытай, Жапония, Польша, Индонезия, Таиланд, Малайзия, Австрия, Израиль, Беларусь, Омар, Катар, Бахрейн, Жаңа Зеландия, Швеция, Италия, Иран, Швейцария, Непал, Австралия, Бельгия, Испания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Ұлыбритания бар.