Жаңалықтар

Қостанай облысында алимент төлемеген әкелерге қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды

istockphoto.com

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін 175 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, ал 38 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Оның ішінде 4 адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қостанай облысының Прокуратурасы хабарлайды.

210 баланың пайдасына 240 млн теңгеден астам алимент берешегі өтелген. Алиментті өндіру жұмысын дұрыс атқармағаны үшін 18 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.