Жаңалықтар

Жамбыл облысының халқы Нұрбек Оралбайға көлік мінгізді

Нұрбек Оралбай. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Боксшы ыстық ықыласпен қарсы алған жұртшылыққа алғыс білдірді.

Париж Олимпиадасында бокстан күміс жүлдегер алған Нұрбек Оралбайды жамбылдықтар сән-салтанатпен қарсы алып, көлік сыйлады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Боксшы ыстық ықыласпен қарсы алған жұртшылыққа алғыс білдірді. 

«Туған жеріміз Жамбыл облысына келдік. Ыстық ықыласпен күтіп алып, қолдап жатқандарыңызға рахмет. Үлкен белестер алда, мұнымен тоқтамаймыз. Келесі Олимпиада ойындарында Қазақ елін қуантамын деп ойлаймын», - деді Нұрбек Оралбай.