Спорт

Параспортшылар Парижге жол тартты

фото: Туризм және спорт министрлігі

XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшылар Парижге аттанды.

Делегация құрамында волейболды отырып ойнау, үстел теннисі, жүзу құрама командасы бар.

Волейболды отырып ойнау құрамасы 28 жылда алғаш рет Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алып отыр.

Құрама командада Лондон Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали, сондай-ақ халықаралық жарыстардың жеңімпаздары Сиязбек Далиев пен Әмір Мұратбеков бар.

Париж Параолимпиадасына қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен 33 лицензия ұтып алған. Паралимпиада 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтеді.