Жаңалықтар

Талдықорғанда садақ атудан Қазақстан чемпионаты аяқталды

фото: olympic.kz

Еліміздің барлық аймағынан жиналған 200-ге жуық мергендер Жетісу облысында бас қосты.

Талдықорған қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Жалпы командалық есепте жарыс қожайындары Жетісу облысы алтыннан алқа тақты.

Екінші орынды Шымқаланың сұрмергендері иеленді.

Үздік үштікті Ақмола облысының мергендері тұйықтады.