Жеті айда 58,1 млн тонна көмір өндірілді
2024 жылдың 7 айында еліміздегі көмір өндіретін шахталарда 58,1 млн тонна көмір өндірілген.
«Оның ішінде 37,3 млн тонна көмір энергетика саласына жіберілді, коммуналдық-тұрмыстық салаға 2,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Көмір экспорты 15,8 млн тонна деңгейінде қалды», - деді ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бүгінгі таңда негізгі көмір өндірушілер Павлодар облысындағы «Богатырь «комир» ЖШС, Қарағанды облысындағы «Шубарколь Комир» АҚ, Абай ауданындағы «Қаражыра» АҚ және Павлодар облысындағы «Майкубен-Вест» АҚ болып табылады.