«Не айтылмай жатыр»: Жанқош Тұраровтың келіншегі мәлімдеме жасады
Кеше белгілі боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған болатын.
Соңыра спортшының өзі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, өзіне жабылған жала екенін мәлімдеген еді.
Енді Жанқоштың келіншегі Клара Иса да инстаграм парақшасында мәлімдеме жасады.
«Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр», - деп жазды ол.
Кешелі-бері инста-стористерінің қаралымы 100 мыңға жеткенін де айтты.