Абай облысында қызметкерлер млрд теңгенің дизелін ұрлаған
Олар енді келтірген шығынды өтейді.
Көлік прокуратурасының мәліметі бойынша локомотив депосының басшысы Смағұлов пен машинист Мейрамғазин 2022 жылдың қаңтарынан бері шығынды қолдан көтеріп, дизель жанармайын заңсыз иеленген. Олар келтірген шығынның жалпы сомасы 920 млн теңге.
«Сотта олардың жүйелі түрде ауа-райын қолайсыз деп көрсетіп, дизель шығынын артырып, 3 мың тоннадан астам жанармай ұрлаған»-деп мәлімдеді Прокуратура.
Смағұлов 8 жылға, Мейрамғазин 7 жылға бас бостандығынан айырылды.