Жаңалықтар

«Ер жігітке тән әрекет жасауы керек»: Жанар Өтешова Геннадий Головкиннің шешіміне қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін ҰОК Бас хатшысы қызметін атқарып келеген маманның қызметінен кететіні туралы ақпарат тараған еді.

 Жанар Өтешова Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығына қатысты ойын жариялады, деп жазды turkystan.kz.

«Сенімді жоғалтпаған» достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ (күліп). Менде бәрі жақсы, бәріне көп рахмет! Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада «шикі» тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой», - деп жазды  Жанар Өтешова.

Еске салсақ, Головкин Жанар Өтешованы ҰОК бас хатшысы қызметінен босатқаны туралы бұған дейін жазған едік.