Жаңалықтар

Ұлытауда азаптау фактісі бойынша 11 қызметкер сотталды

istockphoto.com

Прокурорлар қызметкерлердің 11 сотталған азаматқа азаптау әрекетін қолданғанын тергеумен дәлелдеді.

30 шілдеде Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталған азамат азаптау қолдану  фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.

Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар қызметкерлердің 11 сотталған азаматқа азаптау әрекетін қолданғанын тергеумен дәлелдеді.

Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімнің 4 қызметкеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.