Сәтбаев қаласында бір топ жасөспірім төбелесіп қалған (ВИДЕО)
Ал ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
20 тамыз күні Сәтбаев қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жанжал болды.
Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын жедел анықтады.
Оқиға кезінде 16 жастағы жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, жанжалға қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.