Жаңалықтар

20 жастағы бойжеткен кішкентай қыздардың алтын сырғаларын ұрлап кеткен

istockphoto.com

Шымкентте 20 жастағы бойжеткен аулада ата-ананың қарауынсыз жүрген кішкентай қыздарды алдап, алтын сырғаларын қолды қылған.

Ол қыздарға «шашыңды өріп беремін» деп, алтын сырғаларын шешіп алып, ізін суытып отырған.

«Ол үш күнде 4 қыздың қымбат алтын сырғасын алып кеткен. Келген шығынның жалпы сомасы 300 мың теңге. Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кірісіп, куәгерлерден сұрау алып, видеобақылау камераларын қарап, 20 жастағы қызды ұстады. Ол ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізген»-делінген полиция хабарламасында.