Жыл басынан бері 259 кәсіпорынның 15 мың қызметкерге 3 млрд теңге қарыз екені анықталған. Бүгінгі таңда 13 мың қызметкердің алдындағы қарыз жабылған.
Қазір кәсіпорындарды автоматтандырылған бақылау жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.