Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімі өзгеріссіз қалды
Апелляциялық инстанция Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша шешім шығарды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімін қайта қарады.
Сот үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Істі сотталушылар мен олардың адвокаттарының арызының негізінде қараған. Адвокаттар соттың айыптау үкімінің күшін жойып, Мұхамедиұлын ақтауды, сондай-ақ сот тергеуін қайта қозғауды сұраған.
«Сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 29 ақпандағы Мұхамедиұлы, Сатыбалдин, Нұразхан, Кочетов, Кошенов, Садуақасова, Жуаспаеваға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушылар мен олардың адвокаттарының, қорғаушыларының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Үкім оқылған сәттен бастап заңды күшіне енеді»-деді судья.
Айта кетейік, 2024 жылдың 29 ақпанында Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.