Қазақстандық оқушылар Молдовада өткен олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

21 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Оқу-ағарту министрлігі
Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындады, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді.

Молдовада EJOI-2024 Информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетіп, оның нәтижелері еліміздің өз оқушыларының жетістіктерімен тағы бір мақтануына себеп болды.

Биылғы жылы жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиада екі күнге созылды. Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындады, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді.

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды:

Команданы дайындаған жетекшілер: Темірлан Сатылханов, ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Альтаир Ашуров, Назарбаев Университетінің студенті, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, алдыңғы жылы EJOI-2023 олимпиадасында біздің жас бағдарламашыларымыз бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Тэгтер:

Олимпиада Информатика жүлде Қазақстандық оқушылар Молдова