Қоғам

Астанадағы көшелердің бірінен ер адамның денесі табылды

Istockphoto

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

20 тамыз күні сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлім етті Полиция департаментінен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.