Қоғам

Абай Бегей 16 жастағы қызына су жаңа темір тұлпар сыйлады

Тосын сыйды күтпеген қызы көз жасына ерік берді.

Бүгін Ақтау қаласында әншінің 16 жастағы қызы мен күйеу баласының тойы өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Әншінің отбасы қызының тойына арнайы видео әзірлеп әкелген. Онда отбасының әр мүшесі той иелерін құттықтаған. Құттықтау барысында Абай Бегей қызына жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, тосынсыйын көрсетті.

«Сенің ең маңызды күнінде қасыңнаң табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Қызым, мен саған ризамын! Сенің қуанышыңа дайыдаған тосын сыйым бар», - деді Абай Бегей.

Осыдан кейін тойхана ішіндегі үлкен экраннан әншінің қызына тарту еткен су жаңа қызыл түсті JAC JS4 көлігінің суреттері көрсетілді. Әке тілегін естіп, одан мұндай сыйлық күтпеген Сымбат Абайқызы жылап жіберді.

Айта кетейік, жас жұбайлардың тойы әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.