Әнші Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
Жұлдызды жұп күміс тойларын атап өтті.
Астана қаласында әншілер отбасы дүркіретіп той жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Күміс тойда түсірілген кадрларды әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде жариялады. Видеодан олардың неке қию рәсімін жасағанын және оларды көпшілік жапа-тармағай құттықтап жатқанын байқауға болады.
«Жар-жар» деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар! Салтанатты неке қию рәсімін өткіздік. Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс!», - деп жазды Қарақат Әбілдина.