Жетісу облысында ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болған.
Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынды.
Сонымен қатар өсірілген қарасора бұталары тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – бір келіден асады. Белгілі болғандай, ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болған.
Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Жетісу облысының полициясы өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тынымсыз жұмыс істеуді жалғастыруда.