T-LIFE

20 тамыз – Дүниежүзілік жалқаулық күні: Мерекенің тарихы мен мәні қандай?

сурет: istockphoto.com

Бұл мереке 40 жыл бұрын тойлана бастаған.

20 тамыз – Дүниежүзілік жалқаулық күні. Бұл бейресми әрі әзіл-қалжыңға толы мереке болса да, әлемнің көптеген елдерінде тойланады екен. 

Бұл мереке 40 жыл бұрын, 1984 жылы Колумбияның Итагуи қаласында өткен Өнеркәсіп, сауда және мәдениет фестивалінің жабылу рәсімінде тойлана бастаған. Іс-шарадан кейін ұйымдастырушылар қатысушыларға жалқаулық күнін атап өтуді – жұмыс істемей, рахаттанып демалуды ұсынған. Өйткені ауыр еңбектен кейін әр адам аздап демалуға лайық екені айтылған.

Жалқаулық мерекесін тойлау идеясы фестиваль қатысушылары мен қала тұрғындарына ұнап, оны жыл сайын тойлауды дәстүрге айналдырған. Уақыт өте келе мереке халықаралық деңгейге жетті.

Айта кету керек, мереке пайда болған фестиваль 12 жылдан бері өткізілмейді. Ал Дүниежүзілік жалқаулық күні әлі де бар. Мереке отаны – Колумбияда оны салтанатты түрде атап өтеді, халық демалады. Дегенмен бұл ресми мереке емес, сондықтан жергілікті тұрғындар оны жұмыстан кейін немесе демалыс күндері ғана тойлай алады.

Мерекенің басты идеясы – барынша тынығып, асықпай, уайымсыз демалу, сондай-ақ отбасы, дос-жаранмен уақыт өткізу.