Жаңалықтар

Жүсіп Жұмағұлов СҚО әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

фото: СҚО әкімдігі

Облыс әкімінің төртінші орынбасары лауазымына 32 жастағы Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды.

Ол Алматы қаласының тумасы. KIMEP, Nazarbayev University, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ оқу орындарын тәмамдаған. Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2022 жылдың ақпанынан 2023жылдың сәуіріне дейін Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының әкімі, 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың тамызына дейін «Нұра» ауданының әкімі қызметін атқарған.

Енді СҚО-да әлеуметтік сала, ішкі саясат, мәдениет, білім, дін және еңбекпен қамту мәселелеріне жетекшілік етеді.