Жаңалықтар

«Алматы әкіміне де келеді»: Президентке ұқсайтын ер адамның видеосы көпті тәнті етті

скриншот

Белглі болғандай, ер адамның есімі - Ерғали Серғалиұлы екен.

Instagram желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтын ер адамның видеосы жұртты таңғалдырды.

Аталмыш бейнежазбада тойда ортаға билеп шыққан ер адамның асабаны қатты таңғалыс білдіргенін байқауға болады. Той жүргізушісі оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтынын бірден айтты.

Желіде Мемлекет басшысына айнымайтын азаматты танып жатқандар да бар. Белглі болғандай, ер адамның есімі Ерғали Серғалиұлы болып шықты.

«Алматы әкімі Досаевқа да келеді екен», «Айнымаған президен», «Қатты ұқсайды екен», «Туысы шығар», «Бір қарағанда сол кісі секілді», «Қасым-Жомарт Досаев», - деп жазуды көпшілік.