Жаңалықтар

Спортшылар Олимпиада медалінің сапасы төмен екенін айтты

фото: instagram.com/nyjah

Париж олимпиадасының қола жүлдегерлері – боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев медаль сапасының төмен екенін айтты.

«Медаль сапасы шынымен де жақсы емес. Кішкене өңі кетіп жатыр. Біз оны үнемі тағып жүреміз. Сапасы төмен болса да ол біз үшін қымбат. Бокспен бұрыннан айналысамын. Бұл медаль бар медальдан әдемі»-дейді Назым.

«Францияда медальды үнемі тағып жүрдік. Ол өңін берген жоқ. Елге келгеннен кейін оны көп адам ұстап көрді. Медальдың өңі өзгергенін байқадым. Дәл қола медальдың сапасы төмен екенін естідік. Сапасына қарамастан дизайны әдемі, бәрібір бізге ұнайды. Сынып қалса да біз оған қуанышпен қараймыз»-дейді Ғұсман.