Жаңалықтар

Қазақстанда орташа зейнетақы 132 мың теңгені құрады

istockphoto.com

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,1 трлн теңге зейнетақы төленген.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 тамыздағы есеп бойынша 2 млн 398 мың адам зейнетақы алған. Орташа зейнетақы 132 064 теңгені құрады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бері мемлекеттік базалық зейнетақы әр адамның зейнетақы жүйесіне қатысу жылдарын есептеу арқылы тағайындалады.