Жаңалықтар

СҚО-да 18 жастағы жігіт адасып кеткен

istockphoto.com

Оқиға Солтүсттік Қазақстан облысының Айыртау ауданында болған.

2006 жылы туған жас жігіт «Боровушка» демалу базасынан орман алқабына қарай шығып, адасып кеткен.

«Алаңдаған туыстары ТЖМ қызметкерлеріне көмекке жүгінді. Құтқарушылардың күшімен жас жігіт жол жиегінен табылып, демалыс базасына жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ»-делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Төтенше жағдай орын алғанда 112 нөміріне хабарласыңыз!