Жаңалықтар

Әйелі жас, балалары кішкентай: 58 жастағы министр отбасын көрсетті

Әлеуметтік желі

Желіде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отбасымен түскен суреті жарияланды.

Отбасылық сурет Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram парақшасына салынған. Суреттен 58 жастағы министрдің жас келіншегі мен қызын, кішкентай екі ұлын көруге болады. Отбасы мүшелерінің барлығы әскери форма киіп түскен.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2022 жылдың қаңтарында Қорғаныс министрі болып тағайындалды.