16 тамызда Ұлытау облысының Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері браконьерлерді ұстады.
«Ұлытау ауданының аумағында (Түркістан облысымен шекарада) жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде браконьерлік фактісі анықталды. Урал мотоциклін мінген 4 адам ұсталды. Олардан 15 киік, мүйіздер мен 2 қару тәркіленді»-делінген баспасөз хабарламасында.
Заң бұзғандар Ұлытау облысының Полиция департаментіне жеткізілді.