Жаңалықтар

Парижде Қорқыт ата кітабының 200 жылдығы атап өтілді

ашық дереккөзі

Парижде Қорқыт ата кітабының 200 жылдығы атап өтілді

Франция астанасында ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойының аясында «Қорқыт ата» кітабының алғаш жарыққа шығуының 200 жыл толуына орай Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Түркияның Тұрақты өкілдіктерімен салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Шараға жоғары ұйым хатшылығының өкілдері, түркітілдес мемлекеттерден мәртебелі меймандар мен дипломатиялық миссияның және Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қорқыт ата бейнесі Еуразия кеңістігіндегі түркі жұртының мәдени және рухани дәстүрлерінің алтын көпірі саналатынын, әрі Қорқыт ата кітабы бүкіл түркітілдес халықтардың мақтанышы болып табылатынын атап өтті. Шараға мыңнан астам қонақ жиналды. Мәдени кештің концерттік бағдарламасында Әзербайжан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген өнерпаздармен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінің симфониялық оркестрінің орындауында ұлттық саз аспаптарымен Қорқыт дәстүрін кеңінен танытатын әуендер жұртшылыққа жаңа қырынан ұсынылды.