Жаңалықтар

Найзағай, бұршақ, жаңбыр: 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

istockphoto.com

Республика аумағында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, жаңбыр жауады деп күтіледі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Республика аумағында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады.

Синоптиктер күндіз Атырау облысында қатты ыстық болатынын болжайды. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Маңғыстаудың батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.