Жаңалықтар

Павлодарда мас адам өзенге құлап кетті

Павлодарда батып бара жатқан адам құтқарылды.

Бүгін Павлодар облысы ТЖД құтқару бөлімшесінің қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Усолка өзенінің арнасын тексеру кезінде, 1987 жылы туған суға батып бара жатқан ер адам табылды, ол абайсызда қайықтан құлады. Құтқарушылар тез арада қайықпен жетіп, ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде болған",  - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.